Атырау, 18 мамыр 12:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Сәт сапар, "түлектер"!

Сурет
1 110 просмотра

Соңғы үш күнді бекіре шабақтары үшін «соңғы қоңырау» деп атауға болады. Өйткені алдыңғы күннен бері олардың 7,5 миллионы Жайыққа жіберілді.

Алғашқы шығарылым 5 тамызда болды. Еркінқала ауылында орналасқан «Атырау бекіре балығын өсіру зауыты» Жайыққа 4 миллионға жуық шабақ жіберді. 

Олардың қайдан алынатынын «АЖ» тілшісіне зауыттың тәжірибелі инженер-ихтиологы Гүлшат ШАЙДУЛЛИНА әңгімелеп берді: «Жыл сайын наурыз айында бекіре тұқымдас балықты көбейту үшін аулау науқаны басталады. Балық торына түскен аналық және аталық балық мұқият тексеріліп, зауыттың екі бөлек бассейніне жіберіледі. Олар салынатын судың температурасына ерекше мән беріледі, өйткені балықтың әр түрінің бұл тұрғыда өз қажеттіліктері бар: қортпаға 9-12 градус, бекіреге 11-12, шоқырға - 18-22 градус керек. Тиісінше, бассейн мен тоғандағы су температурасы осы көрсеткіштерге сәйкес келуі керек. Бұл ең басты және маңызды талап, әйтпесе өндірушілердің уылдырығы жарамсыз болып қалады. Ауланған аналыққа уылдырықты жасанды шашу үшін арнайы екпе егеді, содан кейін арнайы аппаратқа орналастырады. Пайда болған личинкаларды жауын құрттарымен қоректендіреміз, салмақ қосуына қарай бассейннен тоғанға қарай ауыстырамыз. Кемінде 3-5 грамм салмақ қосқан соң табиғи ортаға жібереміз. Осы жолы шабақтардың салмағы 24 граммға жеткенін атап өткім келеді».

Ал 6 тамызда біздің екінші Жайық-Атырау бекіре зауыты 3,5 миллионнан астам партиясын табиғи ортаға жіберді. Бұлар - қортпа, бекіре, шоқыр және сүйрік. Шабақтардың басым бөлігі тірі қалып, Жайық пен Каспийдің балық қорын толықтырады деп үміттенеміз.

Фархат ӘБІЛОВ

Облыстық балық шаруашылығы басқармасы баспасөз қызметі жолдаған суреттер

9 тамыз 2021, 12:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.