Атырау, 18 мамыр 09:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Атырауда өкпесінің 90 пайызы қабынған тұрғын ауруханадан емделіп шықты

1 579 просмотра

Жібек ҚАЗИЕВА №2 облыстық ауруханада үш апта ем қабылдады, - деп хабарлайды Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Махамбет ауданының 56 жастағы тұрғыны Жібек Қазиева 17 шілде күні ауруханаға өкпесінің 90 пайызы қабынып түскен. Осы аралықта бейіндік бөлімде емделді. Ем-домның нәтижесінде сыртқатты жеңіп, 8 тамыз күні ауруханадан шығарылды. Алдағы уақытта Махамбет аудандық участкелік дәрігерінің тікелей бақылауында болады. 

- Бұл өңірдегі тіркеліп отырған бірінші жағдай. Қазіргі кезде ауруханаға өкпесінің 98 пайызы қабынып түскен науқастарда жансақтау бөліміне жетпей ем қабылдауда,- дейді емдеуші дәрігері Айдана ҒАЛЫМЖАНҚЫЗЫ.

Жібек Қазиева өмірін арашалап қалған дәрігерлерге алғысын айтып, атыраулықтарды вирусқа қарсы сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырды. 

Айта кетейік, №2 Атырау облыстық аурханасында 179 адам ем қабылдауда, оның ішінде 18 адам жансақтау бөлімінде жатыр.

9 тамыз 2021, 11:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.