25 жастағы жартылай қорғаушы Соломон УДО «Атырауға» 31 шілдеде қарағандылық «Шахтерден» жалгерлік келісім бойынша ауысты. Айта кету керек, нигериялық Удоның Армения азаматтығы бар және ол тіпті оның ұлттық құрамасында ойнады, ал Еуразиялық одақ елдерінің азаматтары Қазақстанда легионер болып саналмайды.
Қазақстанға келмес бұрын Удо Арменияның «Арарат», «Улисс», «Ширак» және «Урарту»клубтарында ойнаған.
26 жастағы бразилиялық шабуылшы Аллеф де Андраде РОДРИГЕСПЕН келісімшартқа 24 шілдеде қол қойылды. Ол еркін агент ретінде Калининградтың «Балтика» командасынан «Атырауға» ауысты. Ресей мен Қазақстанға дейін ол Португалияның әр түрлі клубтарда ойнаған. «Атырауда» ол Брайан Сильва Гарсиа, Алекс Бруно мен Жиан Мартинске қосылған төртінші бразилиялық ойыншы.
Атырау командасының құрамында қазір 25 ойыншы бар, оның 8-і алыс шетелден келген легионерлер: есімдері аталған бразилиялықтар Аллеф де Андраде Родригес, Алекс Бруно, Жиан Мартинс және Брайан Сильва Гарсиа, сондай -ақ Петр Гжелчак (Польша), Лазарудо Сайчич, Даниэль Стойкович ( екеуі де Сербиядан) және Алекс Жуниор Кристиан (Гаити). Ал жақында Доньет Шкодра (Косово Республикасы) мен Петар Кунич (Босния және Герцеговина) еркін агент ретінде «Атыраудан» кетті.
Айнұр САПАРОВА