Атырау, 3 мамыр 15:39
 ашықВ Атырау +15
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

«Атырау» Кубоктан шығып қалды. Клуб: «Жаттығу кезінде ешқандай төбелес болған жоқ»

1 026 просмотра

Әлеуметтік желіде «Тараз» - «Атырау» командаларының футболдан ҚР Кубогының 3-турының матчы қарсаңында болған жаттығу кезінде «Атыраудың» екі ойыншысы - бразилиялық легионер Алекс БРУНО мен жас қорғаушы Әділбек ЖҰМАХАНОВТЫҢ төбелесіп қалғаны туралы ақпарат пайда болды.

Жанжал жергілікті және шеттен келген ойыншылар арасында орын алған ұзақ текетірестің салдарынан болған-мыс: футболшыларға тең жағдай жасалмағандықтан, ұжымда бірлік жоқ деседі.

- Әлгі түсініксіз жартылай қорғаушы Артак Дашянды алайық. Дереккөзімнің растауынша, ол тек матч алдындағы жаттығуларда ғана толыққанды жаттығады. Сөйте тұра, негізгі құрамда ойнауға шығады. Ал жергілікті жігіттер еш дайындықты жібермей, үнемі жаттығады, бірақ матчқа арасында ғана шығарады. Олардың айтуынша, бас бапкер тіпті оларға қарамайды да екен, - деп жазады әлеуметтік желіні қолданушының бірі.

Біз «Атырау» ФК баспасөз қызметінен түсініктеме сұрадық.

- Бұл арандатушылыққа бой алдырмаңыздар. Бұл шындыққа сай емес, ешқандай төбелес болған жоқ, - деп жауап берді бізге баспасөз қызметі.

Айта кету керек, биыл Кубок жаңа формула бойынша өтуде: алдымен 4 топта 4 командадан екі айналымда алты тур ойнайды, содан кейін екі үздік команда ширек финалға шығады, сол кезде Олимпиадалық жүйе бойынша іріктеу ойыны өтеді.

«Атырау» «Тобылмен», «Таразбен» және 1-лигадағы «Мақтааралмен» бір топқа түсті, бес турдан кейін екі тең және үш жеңіліспен топтан шығу мүмкіндігінен айырылды. Өз алаңында «Тобыл» командасымен өтетін соңғы матч ештеңе шешпейді.

Ал ел чемпионаты 19-турдан кейін шілденің басында 11 қыркүйекке дейін ұзақ үзіліске шықты. 25 ұпаймен «Атырау» турнир кестесінде 7-орында тұр.

Айнұр САПАРОВА

9 тамыз 2021, 09:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.