Атырау, 3 мамыр 13:17
 ашықВ Атырау +15
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Құлсарыдағы жұқпалы аурулар ауруханасы: кемшілік көп

Сурет
1 112 просмотра

Құлсары қаласында ТШО қаржысына 200 орындық модульдік жұқпалы аурулар ауруханасының салынып жатқанына бір жыл болды, алайда бұл нысанды 2020 жылдың желтоқсанында пайдалануға беру жоспарланған болатын.

Осы уақыт ішінде жоба құны бір жарым есеге - шамамен 8 миллиард теңгеге дейін өсті.

Осындай нысандар салу үшін алуан түрлі рұқсат құжаттар қажет, бірақ бұл жағдайда барлық рәсімдер сақтала қоймады. «Игілік» бағдарламасының менеджері Омар ӘБДИЕВТІҢ айтуынша, өткен жазда қалыптасқан өткір эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, әкімдік пен ТШО құрылысты тезірек бастау туралы шешімді бірлесіп қабылдаған.

Аурухананы пайдалануға беру қарсаңында облыс әкімі Махамбет ДОСМҰХАМБЕТОВ ол жерге ТШО бас директоры Кевин ЛАЙОНМЕН бірге келді.

Келушілер көптеген кемшіліктерді тапты. Мысалы, желдету жүйесі дұрыс қосылмаған, мүмкіндіктері шектеулі адамдарға беті-қолын жууға арналған орын талапқа сай емес, екінші қабатқа көтерілетін лифт орнатылмаған, жатақханада дәрігерлерге демалатын орын қарастырылмаған. Мердігер компанияның – «Бекболатовтар құрылыс компаниясы» ЖШС директоры Рустам ДОСМЫРЗА барлық кемшілік тез арада жойылатынын айтты.

Фархат ӘБІЛОВ

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі жолдаған суреттер

9 тамыз 2021, 08:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.