Атырау, 3 мамыр 09:08
 ашықВ Атырау +21
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Атырау облысында бір тәулікте 366 адам Covid-19 жұқтырған

1 480 просмотра

Қауіпті инфекцияның таралуы Теңіз кен орнында, Жылыой ауданында  байқалып отыр деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 366 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 200 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 42 науқас анықталды. 

Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында 32 науқас, Индер ауданында - 10, Исатайда- 9, Қызылқоға ауданында - 10, Құрманғазы ауданында - 9, Мақат ауданында - 8, Махамбет ауданында - 9 адам. 

Коронавирустық инфекциясы бар 200 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 166 адамда ауру белгілері жоқ. 

7 тамыз 2021, 11:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.