Атырау, 13 қаңтар 21:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 509.84
€ 595.75
₽ 6.47

«Pfizer» вакцинасын балаларға да егуге болады

2 363 рет қаралды
Фото: Dado Ruvic / Reuters 

Қазақстандықтардың көпшілігі күтіп жүрген «Pfizer» вакцинасы елімізге IV тоқсанда келуі тиіс. Бұл вакцинаны 12 жастан бастап балаларға да қолдануға болады. Бұл туралы ӨКҚ-де өткен брифингте Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы төрағасының орынбасары Айнагүл ҚУАТБАЕВА мәлімдеді.

Қазір Қазақстанда коронавирусқа қарсы иммундау үшін вакцинаның төрт түрі қолданылады: «QazVac», «Спутник V», «Hayat-Vax» және «CoronaVac». Бұдан басқа, биыл күзде Қазақстанға «Pfizer» мен «Спутник Лайт»  вакциналарын жеткізу туралы келісім бар. Бүгінде балаларды вакциналау мүмкіндігі қарастырылуда - әрине ата -ананың келісімімен. Бұдан басқа, бір компонентті «Спутник Лайт» вакцинасы тұрғындарды вакциналау уақытын қысқартып, ұжымдық иммунитеттің түзілуін тездетеді деп күтілуде.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

6 тамыз 2021, 16:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.