Атырау, 25 қараша 04:00
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Таиландта күннен қорғайтын кремге тыйым салынды

1 370 просмотра

Таиланд билігі барлық ұлттық теңіз паркінде маржанға зиян келтіретін, құрамында химиялық заттар бар күннен қорғайтын кремді қолдануға тыйым салды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Phys.org басылымына сілтеме жасап.

Ел үкіметі туристер пайдаланатын күн сәулесінен қорғайтын лосьондар баяу өсетін маржандарға зиян тигізеді деп алаңдайды.

Таиландтың табиғатты қорғау департаментінің өкілдері мұндай құралдарда жиі кездесетін төрт зат маржан тұқымдарын жояды, олардың көбеюіне жол бермейді және рифтер түссіз болады деп мәлімдеді.

Құрамында оксибензон, октиноксат, 4-метилбензилден камфора немесе бутилпарабен бар лосьондарға тыйым салынады.

Басылымның мәліметінше, тыйым салуды бұзған кез келген адамға 100 мың бат (1,2 миллион теңге) айыппұл салынуы мүмкін. Осыған ұқсас тыйымдар Тынық мұхиты Палау аралында және АҚШ-тың Гавайи штатында енгізілді.

6 тамыз 2021, 10:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.