
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің ақпараты бойынша, Атырау облысы Исатай ауданы Нарын каналында балықтың қырылуы кейбір заттардың жоғары концентрациясының және құрғақ қалдықтың салдарынан болған.
Жүргізілген сараптама нәтижелері арнада аммоний азотының, хлоридтердің, темірдің шекті рұқсат етілген концентрациясы асып кеткенін көрсеткен.
«Атырау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының бастамасы бойынша балансында канал бар «ҚазСушар» РМК-нің Атырау филиалына қатысты қылмыстық іс қозғау мәселесін қарастыруда», - деп хабарлады Балық шаруашылығы комитетінің баспасөз қызметі.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
В Атырау 0