Атырау, 16 қыркүйек 16:37
 бұлттыВ Атырау +20
$ 426.39
€ 504.16
₽ 5.87

«Жел раушанынан» жағымсыз иіс шығады

646 просмотра

3 тамызға қараған түні мен тұратын Алмагүл ықшам ауданында шіріген жұмыртқаның жағымсыз иісі мүңкіп, жүректі айныта бастады. Әлеуметтік желіні ашсам, атыраулықтар қаланың әр түкпірінде осындай иістің шығып жатқанына шағымданып жатыр екен.

Біраз уақыттан кейін иіс ғайып болды, шамасы, жел басқа жақтан соқса керек.

3 тамызда «Қазгидромет» РМК филиалына қоңырау шалдым. Мамандардың айтуынша, 1 тамызда АМӨЗ бен NCOC атмосфералық ауа сапасын бақылау станцияларында таңертең және кешке Привокзальный тұрғын үй массиві мен Еркінов көшесінде күкіртсутектің асқаны тіркелген. Бұл өнеркәсіптік аймақ емес, бірақ бәрі желдің бағытына байланысты екенін, ол күкірттің немесе басқа зиянды заттардың иісін кез-келген жерге апаратыны көптен белгілі.

Ауа сапасын бақылау станциялары жоғары ластануды тіркегеннен кейін «Қазгидромет» филиалы бұл туралы үш сағат ішінде жергілікті уәкілетті органдарға - әкімдікке, экология департаментіне, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне, табиғат қорғау прокуратурасына, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына хабарлайды.

- Әрі қарай олар ластану көзін анықтау шараларын және одан әрі шаралар алады. Біз бақылап, хабарлаймыз, осымен біздің функциямыз аяқталады, - дейді «Қазгидромет» РМК филиалының қызметкерлері. Олардың айтуынша, батыстан жел соқса, Атырау ықшам ауданының тұрғындарынан шіріген жұмыртқаның иісі шығады деп, жиі шағым түседі. Ал бұл бағыттағы жел Сасықсай, АМӨЗ және қоқыс полигоны жақтан келеді.

Атырау өнеркәсіп аймағының мониторингі

Атырау қаласының өнеркәсібінен зардап шеккен аудандардағы атмосфералық ауа сапасына мониторингті күшейту мақсатында «Қазгидромет» РМК 2021 жылдың 2 тамызынан бастап Қарабатан мен «АМӨЗ» ЖШС ауданында атмосфералық ауаны ластайтын заттардың концентрациясын жоспардан тыс өлшеуді жүзеге асырады. 

Атмосфералық ауада РМ 2,5, РМ 10, күкірт диоксиді, күкіртсутек, азот диоксиді, көміртегі тотығы, бензол, көмірсутектердің салмақталған бөлшектері анықталады. 

Бүкіл ақпарат Air.kz мобильді қосымшасында және «Қазгидромет» РМК экологиялық мониторинг картасында http://ecodata.kz:3838/app_dem_visual/» қолжетімді. 

Осы сілтеме бойынша басқа көрсеткіштер көрсетілген. Өйткені мәліметтер нақты уақыт режимінде көрсетілген. 2 тамызда қандай көрсеткіштер болғанын скрин жасалған суреттен көре аласыз. «Қазгидрометтің» жергілікті филиалынан біздің ойымызша жоғары, күкіртсутектің - 19 және 16,2 көрсеткіштерін түсіндіруді сұраған өтінішімізге былай деп жауап берді: «Қосымшадағы мәліметтер мкг/м-мен көрсетілген, біз математикалық жолмен мг/м-ге айналдырамыз, яғни, ЖЛ (жоғары ластану) тіркелген жоқ».

Айнұр САПАРОВА

4 тамыз, 16:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.