Атырау, 18 мамыр 13:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Алауға қатысты сауал

Бейнежазба
1 242 просмотра

2 тамызда мессенджерлерде, болжаммен Теңіз кенішінен түсірілген бейнежазба тарады. Онда кадр сыртындағы дауыс күкірттің тоқтамастан шығарылып, газдың өртеліп жатқанын хабарлайды.

«Теңізшевройл» ЖШС баспасөз қызметі «АЖ» сауалына жауап ретінде газды жағу жоспарланған деп жауап берді: «2021 жылдың 1 тамызында Теңіздегі нысандардың бірінде алауда газ жағылды. Бұл жоспарланған жағдай және 2021 жылдың тамызы мен қыркүйегіне жоспарланған күрделі жөндеу жұмыстарымен байланысты деп жіктеледі. Барлық тиісті мемлекеттік органдарға алдын ала хабар беріліп, барлық қажетті рұқсаттар алынды. Күрделі жөндеу зауыт жабдықтарының сенімділігі мен қауіпсіздігін сақтауға бағытталған. ТШО Теңіздің бүкіл аумағындағы ауа сапасын бақылау станциялары желісін қолданады. 2009 жылдан бастап санитариялық-қорғау аймағының шекарасында қоршаған ортаның ауа сапасының шоғырлануы Қазақстан Республикасының қолданыстағы стандарттарына сәйкес келеді».

Кәсіпорындағы технологиялық құрамдас процестермен таныс анонимді сарапшы бейнежазбадағы апаттық өртеу алауы екенін айтады: «Жалынның сары түсі күкіртсутекті өртеп жатқанын  көрсетеді. Бұл газды қабатқа айдау кезіндегі стандартты апатқа ұқсайды. Бірдеңе дұрыс болмай, қабатқа айдаудың орнына газ жоғары көтерілген. Дұрыс айдалмай, жоғарыға көтерілді. Олар газ көлемін өртмегенде, жарылыс болуы мүмкін еді».

Құбырдан сарғыш түтін будақтап, құрылыс алаңына қарай кетіп жатқан екінші бейнежазбаға баспасөз хабарламасында түсініктеме берілмеген. Менің сұхбаттасушым оны буға айналған газ шығарындысы деп жорамалдады.

Менің "Газды «жоспарлы» жағу деген нұсқа бар ма? Табиғат қорғау ведомствосы тарапынан осындай операция болса, ауаға мониторинг жүргізіле ме?" деген екі сұрағым болған еді. Облыстық экология департаменті басшысы Әлібек БЕКМҰХАМБЕТОВ қол қойған жауапты жолдады, ал ол жауап ТШО баспасөз хабарламасының көшірмесі іспетті.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

9 тамыз 2021, 12:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.