Атырау, 17 тамыз 13:10
 дождьВ Атырау +27.6
$ 464.02
€ 536.18
₽ 5.54

​Атырауда лифт шахтаға құлап, бір адам қаза болды

Толықтырылды Сурет
2 668 рет қаралды

Бүгін, 4 тамызда «Residence Ardager» тұрғын үй кешенінде 15 қабаттан лифт шахтасына құлап кетті. Лифт жөндейтін компанияның 39 жастағы монтері қаза болып, екінші жұмысшы ауыр жарақат алып, облыстық ауруханаға жеткізілді.

- 1987 жылы туған науқас облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр. Травматикалық шок, бірнеше жерден түрлі жарақат алған. Қазір отаға дайындалуда. Операциядан кейін дәрігерлердің бақылауында болады, - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Атырау облысы полиция департаментінің хабарлауы бойынша, тергеуалды тексеру жүргізіліп жатыр.

Фархат ӘБІЛОВ

Сурет әлеуметтік желіден алынды

4 тамыз 2021, 12:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.