Атырау, 10 қазан 21:25
 ашықВ Атырау +11
$ 489.06
€ 536.21
₽ 5.05

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында жаңа басшы

1 759 просмотра

Самат АЙТҚАЛИЕВ Атырау облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Самат Айтқалиев 1972 жылы Атырау қаласында туған. Алматы автожол институтын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1994-1996 жылдары жол жөндеу шебері болып бастайды, содан кейін жеке кәсіпкерлікпен айналысады.

2005-2008 жылдары «Самнұр» ЖШС директоры, 2008-2010 жылдары «Нұржол» ЖШС директорының орынбасары болып еңбек етеді. 2011-2012 жылдары Атырау облысының құрылыс басқармасында бас маман, 2012-2013 жылдары сәулет-құрылыс бақылау департаментінде бас маман лауазымында болады. 

2013-2014 жылдары Мақат ауданы әкімнің орынбасары, облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары, 2014-2019 жылдары «Атырауинжстрой» ЖШС директорының орынбасары, бас инженер болып қызметтер атқарған. 2019-2020 жылдары «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-да сапаны бақылау бөлімінің бас маманы болып жұмыс істейді. 

Бұл лауазымға тағайындалғанға дейін «Самұрық Қазына Девелопмент» ЖШС техникалық сүйемелдеу бөлімінде қадағалау жөніндегі сарапшы болып еңбек еткен. 

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

4 тамыз 2021, 11:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.