Атырау, 25 қараша 04:30
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Францияда COVID-паспортына қарсы 200 мыңнан аса адам наразылыққа шықты

1 170 просмотра

Францияда міндетті вакцинация мен COVID-паспортына қарсы жаппай наразылық акциялары өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Францияның Ішкі істер министрлігі мәліметінше, елдің барлық қаласында 200 мыңнан аса адам наразылық акциясына шыққан. Наразылық акциялары Париж, Марсель, Ницца, Лион, Монпелье және бірнеше кіші қалаларда өтті.

Наразылықтың жаңа толқыны Франция президенті Эммануэль Макрон міндетті вакцинация мен COVID-рұқсаты туралы заң жобасын ұсынғаннан кейін басталған. 27 шілдеде ел парламенті бұл заңды мақұлдады.

Reuters мәліметіне сүйенсек, Парижде 14,2 мың адам көшеге шыққан. Олар "Бостандық!" деп ұрандады. Жалпы наразылық шерулеріне төрт өтініш берілген. Олардың ең ауқымдысы қаланың солтүстік бөлігіндегі Бастилия алаңында және Монпарнассе станциясынан Фонтенуа алаңына дейін өтті.

Сондай-ақ, полиция көзден жас ағызатын газ қолданған. Наразылықтарды басу кезінде құқық қорғау органдарының үш қызметкері зардап шеккен.

12 шілдеде Франция президенті медицина қызметкерлерін міндетті вакциналау туралы шешім қабылдады, сондай-ақ 21 шілдеден бастап теріс ПТР-сынамасынсыз және толық вакцинациядан өтпей кинотеатрға, барға баруға және пойыздар мен ұшақтарға билеттер сатып алуға шектеу қойылды. Сондай-ақ, елде "денсаулық паспорттары" енгізілді. Олар адамның вакцина алғанын, коронавирусқа тапсырған сынамасы теріс нәтиже көрсеткенін немесе емделгенін растайды.

2 тамыз 2021, 13:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.