Атырау, 23 желтоқсан 00:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Атырауда өзбекстандық есірткі тасымалдаушы ұсталды

1 961 рет қаралды

«Қарасора-2021» жедел іс-шарасы кезінде Атырау облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Тараз қаласынан 32 жастағы Өзбекстан азаматын ұстады. Жеке тінту кезінде одан ақ ұнтақ салынған 29 дана, жалға алынған үйін тінту кезінде 40 дана түйіншек табылды. Сараптама оның мефедрон деп аталатын есірткі өнімдері (нашақорлар «Меф» деп атайды) екенін анықтады. 

Атырау облысы ДП бастығы Қамза ҮМБЕТҚАЛИЕВ хабарлағандай, ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

2 тамыз 2021, 09:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.