Атырау, 23 желтоқсан 00:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Атырау облысында бір тәулікте 408 адам Covid-19 жұқтырды

1 384 рет қаралды

5 мыңға жуық тұрғын Covid-19-дан үй жағдайында емделуде, деп хабарлайды  Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 408 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында 323 жағдай расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында жұқтырғандар  анықталған жоқ. 

Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында - 5, Индер ауданында - 15, Исатай ауданында - 16, Қызылқоға ауданында - 18, Құрманғазы ауданында - 15, Мақат ауданында - 6, Махамбет ауданында-10 адам анықталды. 
Коронавирустық инфекциясы бар 281 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 127 адамда ауру белгілері жоқ. 

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 278 адам емделді.

Қазір үй жағдайында 4867 адам, модульді ауруханада - 205, екінші облыстық ауруханада - 203 науқас, фтизиопульманологиялық орталықта - 83, кардиоорталықта - 103, т / ж ауруханасында-113 пациент, аудандық инфекциялық стационарларда - 388, облыстық ауруханада - 41 науқас, жатақханаларда - 114, Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 342 адам емделіп жатыр.

Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта.

2 тамыз 2021, 09:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.