Атырау, 29 наурыз 15:03
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Гүлнар Қатыбаева: «Кафе мен мейрамханалар тығырыққа тірелді»

1 823 просмотра

Атырау облысының бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, 2 тамыздан бастап «Ashyq» жобасы бар қоғамдық тамақтану орындары сағат 10.00 -ден 20.00 -ге дейін жұмыс істей алады. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ескерткендей, бүкіл Қазақстанда «Ashyq»-сыз тамақтану орындары тек қана алып кету және жеткізу бойынша жұмыс істейді. «АЖ» «Қазақстанның рестораторлар клубы» қауымдастығының президенті Гүлнәр КАТИБАЕВАДАН (суретте) осы мәселе бойынша пікірін сұрады.

- Биліктің әрекетін қисынсыз, тіпті, жазалау әрекеті деп санаймын, - деді әңгімелесушім. – Зерделеп көрейік. Келушілерге коронавирус жұқтыру қаупін азайту үшін «Ashyq» қосымшасы енгізілуде, яғни, егер адам жұқтырса, оған ол жерге кіруге рұқсат берілмейді. Жақсы, бұл қосымшаны алдық, бірақ неге, мысалы, бізде Алматыдағы мейрамханалар мен кафелерде, тіпті «Ashyq» бар болса да, тек 20:00 -ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілген? Көп адам жақсы қызмет көрсететін атмосферада демалып, дәмді тағам жеу үшін мейрамханаларға кешкі уақытта жұмыстан кейін келеді. Ал біз олардан сағат сегізде шығып кетіңіз деуіміз керек. Мәнісі қандай? Олар «Ashyq» арқылы тексерілді, яғни олардың денсаулығы жақсы, ешкім ешкімге жұқтырмайды ғой. Ендеше, неліктен түнгі сағат 11-12-ге дейінгі бұрынғы кестеге оралмасқа? Түсініксіз.

Енді Цой 2 тамыздан бастап «Ashyq» көшбасшылары кешкі сағат 22-ге дейін, ал 9 тамыздан бастап түн ортасына дейін жұмыс жасай алатынын хабарлады. «Көшбасшы еместер» үшін бұрынғы шектеу сақталады – сағат 20.00-ге дейін. Бірақ көшбасшы деген кім екенін түсініп алайық. Оларды анықтау үшін күніне жүзден астам келушіні қамтамасыз ететін QR-кодты сканерлеу саны «ойдан» алынды. Өйткені, тыныш кездің өзінде мейрамханалардың көбіне ондай келуші бармайтын! Мен тіпті шағын кафелерді айтпаймын да, олар ешқашан «Ashyq» көшбасшысы бола алмайды, олар сағат 20-ға дейін ғана жұмыс істеуге мәжбүр, көпшілігінің жабылуы жақын. Көп мейрамхана да солай. Кейбір рестораторлардан жабу туралы өтініштер түсе бастады. Бір жарым жылға жуық уақытқа созылған карантин шектеулеріне байланысты, қоғамдық тамақтану орындары шығынға батып жатыр, көп аспаз отанына оралды. Қазір олар кадр тапшылығын сезінуде. Оның үстіне, азық-түліктің де өзіндік құны қымбаттап жатыр. 

...«Ashyq» қосымшасы бар барлық қоғамдық тамақтану орындарына сағат 23.00-24.00-ке дейін бірдей кесте бойынша жұмыс істеуге рұқсат беру керек, ешқандай «көшбасшы» болмау керек деп есептеймін. Әйтпесе, біз бұл саладан мүлде айырылып қаламыз.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

31 шілде 2021, 13:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.