Атырау, 19 сәуір 16:16
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Атырауда Ashyq жобасына қатыспайтын барлық ұйымның жұмысы тоқтатылады (қаулы)

1 859 просмотра

Атырау қаласының бас санитар дәрігері Қанат Ғайнеденовтің карантин шараларын күшейту туралы жаңа қаулысы шықты.

"Атырау қаласының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі карантиндік шараларды күшейту туралы "

Халық арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Атырау қаласының аумағында эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін шаруашылық және (немесе) өзге де қызметпен және халықтың тыныс-тіршілігінің ерекше жағдайларымен шектеу шаралары енгізілсін;

2021 жылғы 2 тамыздан бастап орталық мемлекеттік органдарды, әкімдіктерді, құқық қорғау органдарын, денсаулық сақтау ұйымдарын, БАҚ-ты, азық-түлік дүкендерін, дәріханаларды және тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдарын қоспағанда, «Ashyq» жобасына қатыспайтын кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі тоқтатылсын;

«Ashyq» жобасынан тыс:

- құрылыс жұмыстарын жүргізуге;

- өнеркәсіптік кәсіпорындардың қызметіне;

-жанаспайтын қызмет көрсетуге (автожуу, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы, сағаттарды, телефондарды, компьютерлерді, аяқ киімді жөндеу, тігін ательесі, кір жуу орындары, химиялық тазалау, кілт  жасау, тұрмыстық үй қағидаты бойынша қызмет көрсету және т.б.), гүл дүкендерінің, фотосалондардың қызметіне;

- туристік компаниялардың, бизнес орталықтардың, қызметтің жекелеген түрлерінің қызметіне (сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг қызметтері, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары, айырбастау пункттері, ломбардтар, банктер, «Қазпошта» АҚ бөлімшелері және т.б.);

- қоғамдық тамақтану объектілерінің тек алып шығуға және жеткізуге арналған қызметіне рұқсат етілсін;

Шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімдері қала аумағында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.

30 шілде 2021, 23:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.