Атырау, 26 сәуір 20:47
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Жайық тиіп тұрғанымен, шомылуға рұқсат жоқ

Сурет Бейнежазба
1 662 просмотра

Атырауда апта сайын Жайыққа адамдар суға кетіп жатыр. «АЖ» тілшісі құтқарушылармен бірге рейдке шығып, жабайы жағажайларды тексеруге қатысты. Қалада ресми үш жағажайдан басқа Жайықтың барлық жері қауіпті болып саналады. Қазір пандемияға байланысты олар да жабық. Сонда еш жерде суға түсуге болмайды. Сондықтан болар, көп жағдайда тұрғындар «Шомылуға тыйым салынады» деген белгіні сындырырып тастаған.

Баймұханов-Мечников көпірінің маңында адам көп. Біреулер шатыр тігіп, жағада отбасымен демалыс жасап отыр.

- Бұл біздің баяғыдан суға түсіп жүрген жеріміз, жағажайлар жабық, күн ыссы енді қайда барамыз? - дейді демалушылар рейд жасап жүргендерге, ал олардың қайтарар жауабы жоқ.

Бұдан әрі жүре бергенде үлкендердің қарауынсыз топтасып Жайыққа түсіп жүрген бірнеше бала құтқарушылардың дыбыстық сигналынан қашып, қамыстың арасына тығылды.

- Біз шомылып жүрген адамдарды қууға, оларға дауыс көтеріп ұрысуға құқымыз жоқ. Тек түсіндіріп, ол жердің қауіпті жер екенін ескертеміз. Оларға су полициясы айыппұл салады, - деп түсіндірді сүңгуірлік-құтқару бөлімшесінің бас құтқарушысы Есбол ДАРГУЖИН.

- Соңғы күндегі суға кету оқиғасы қалай болған?

- Оқиға 25 шілдеде кешкі сағат жеті шамасында Курилкино ауылында орын алды. Бізге хабар кеш түсті. Мүрде 19 сағат 15 минутта судан шығарылды. Жолдастарының айтуынша, барлығы «Рыбник» саяжайына демалып жүрген.

- Көбіне сіздер батып кеткен денені тауып, шығарып алып жүрсіздер. Ал батып бара жатқан адамды құтқарып қалған жағдай кездесті ме?

- Шілде айында кезекті рейд жүргізіп келе жатып, Атырау ДШСК жағажайында екі қыздың суға бір батып, бір шығып жанталасып жатқанын байқадық. Екеуінде құтқардық, бірі дәрмені таусылып су астына батып бара жатқан еді.

Құтқарушылардың айтуынша, бақытсыздық жағдайдың 90 пайызы өз күшіне сеніп, алыстау жерге жүзіп кеткендіктен болады. Қалған себеп аяқ-қолдың құрысуы, ау-торға шырматылып қалуы, т.б жағдайдан.

 

Айта кетейік, биыл суға түсу маусымы кезінде облыста 1 адам жағажайдан, 19 адам тыйым салынған жерлерден жазатайым болды. Суға кеткендердің 6-ы бала.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суреттер мен бейнежазбаны түсірген автор 

2 тамыз 2021, 10:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.