Атырау, 12 қыркүйек 00:05
 дождьВ Атырау +20.1
$ 450.91
€ 522.69
₽ 5.33

Covid-19: Атырау облысында 140 мың тұрғын екпе алды

2 019 рет қаралды

Өңірде халықты Covid-19ға қарсы  жаппай вакцинациялау жалғасуда деп хабарлайды облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

29 шілде бойынша, "Спутник V", "QAZVAC",  вакциналарының I компонентін 1151 жергілікті тұрғын алды. 

2021 жылғы 1 ақпан мен 29 шілде  аралығындағы кезеңде барлығы 140 506 адам "Спутник V", "QAZVAC"  вакциналарының I компонентімен егілді. Вакциналардың II компонентін 93 256 жергілікті тұрғын алды.

Естеріңізге сала кетейік, өңірде халықты вакцинациялау бойынша колл-орталық жұмыс істейді. Емханалардағы  вакциналар  туралы ақпаратты мына нөмер бойынша алуға болады: 98 - 02 - 92.

30 шілде 2021, 09:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.