Атырау, 10 қазан 23:26
 ашықВ Атырау +13
$ 489.06
€ 536.21
₽ 5.05

Атырау тұрғыны қалалық прокуратура ғимаратының алдында өзін өртеймін деп қорқытты

1 858 просмотра

Бүгін, 29 шілдеде таңғы сағат 6 шамасында Атырау тұрғыны қалалық прокуратура ғимаратының алдында өзін-өзі өртеймін деп қорқытты. Бақылау-өткізу орнының кіреберісінде пластик бөтелкеден үстіне бензин құйып, қолына оттық ұстап тұрған. Әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазбада ол келген полицейге Полиция департаменті оның арызын қарағылары келмейтінін, өз проблемасына назар аударту үшін ол бәріне дайын екенін айтады.

Атырау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, ол мән-жайды анықтау үшін ПД-іне жеткізілген.

- Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) бойынша қылмыстық іс қозғалды, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі. 32 жастағы азаматтың өзіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) және 667-бабы (Құқық қорғау органы қызметкерінің заңды өкіміне бағынбау) бойынша хаттамалар толтырылды. Сәл кейінірек ПД баспасөз қызметі бұл адамнан полицияға ешқандай арыз түспегенін, ал оқиға болған кезде оның мас болғанын хабарлады.

Фархат ӘБІЛОВ

Әлеуметтік желіден алынған бейнежазба

29 шілде 2021, 18:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.