Атырау, 24 қыркүйек 08:57
 ашықВ Атырау +25
$ 425.02
€ 498.17
₽ 5.85

Google вакцина алмаған қызметкерлеріне кеңсеге келуге тыйым салды

622 просмотра

Google кеңсесіне короновирусқа қарсы вакцина алған қызметкерлер ғана келе алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Google хабарламасына сілтеме жасап.

Компания коронавирустың жаңа толқыны өршуіне байланысты қызметкерлердің қашықтан жұмыс істеу режимін алып тастауды 1 қыркүйектен 18 қазанға ауыстырды.

Google бас директоры Сундар Пичайдың айтуынша, Google кампустарына жұмысқа оралғысы келетін қызметкерлер вакцина алуы керек. Жеңілдік тек денсаулығына байланысты вакцина алмайтын адамдарға жасалады.

"Кампустарға жұмысқа келетіндердің бәріне вакцина алу міндеттеледі. Біз бұл саясатты АҚШ-та алдағы апталарда, ал басқа аймақтарда алдағы айларда жүзеге асырамыз. Іске асыру жергілікті жағдайлар мен ережелерге сай өзгереді", - делінген Пичай мәлімдемесінде.

Сонымен қатар, қызметкерлерге 18 қазанға дейін қашықтан жұмыс істеуге рұқсат етілді, өйткені көп адам "дельта" штамына байланысты жергілікті аурудың өршуіне алаңдайды және кеңседе жұмыс істеуге қорқады. Одан кейін компания қызметкерлері кеңседе аптасына кемінде үш күн жұмыс істеуі керек.

Алайда, ерекше жағдайға тап болған адамдар 2021 жылдың соңына дейін қашықтан жұмыс істей алады.

29 шілде, 16:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.