Атырау, 23 желтоқсан 01:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Құрманғазы ауданында шекарашылар 3 гектар қарасораны жойды

2 138 рет қаралды

Құрманғазы ауданы Сафон ауылы маңында қарасора шөбі қаптап кетті. Есірткі тектес өсімдікті ҚР Шекара қызметі Атырау облысы бойынша департаменті анықтады. Кейін оны шекарашылар жергілікті қоғам қызметкерлерімен бірігіп, жоюға кірісті.

Департаменттің баспасөз қызметкері Өмірбат АЙТӘЛІНІҢ хабарлауынша, көлемі 3 гектар болатын жабайы қарасора алқабы шабылып, өртелді. Оны шабуға жергілікті әкімдік пен ҚР ҰҚК  Шекара қызметінің Атырау облысы бойынша департаментінің аудандық шекара бөлімінің өкілдері  қатысты.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА 

Суретті ҚР Шекара қызметі департаменті ұсынды

29 шілде 2021, 16:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.