Атырау, 14 қаңтар 00:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 509.75
€ 594.67
₽ 6.46

Атырауда зейнеткерді тонау сәті видеоға түсіп қалды

1 585 рет қаралды

71 жастағы зейнеткерді тонаған атыраулық тұрғын қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz

28 шілде күні сағат 12:00 шамасында белгісіз біреу 71 жастағы зейнеткердің қолынан телефонын тартып алып, оқиға орнынан бой тасалап қашып кеткен. 

Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, күдікті азаматты бірден қолға түсірді. Ол 29 жастағы қала тұрғыны болып шықты. 

Қазіргі уақытта бөтеннің мүлкін ашық жымқырған азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 191-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктіден айғақ зат тәркіленіп, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.


29 шілде 2021, 15:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.