Атырау, 24 сәуір 13:44
 ашықВ Атырау +19
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

«Ashyq»-сыз енді күн жоқ

Сурет Бейнежазба
1 966 просмотра

Келесі аптада санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің жаңа қаулысы шығады, соған сәйкес «Ashyq» мобильді қосымшасын енгізбеген объектілерге жұмыс істеуге тыйым салынады. Бағдарлама енгізген нысандар екі сағатқа ұзақ жұмыс істеуге мүмкіндік алады. Бұл туралы 28 шілдеде «Атырау Ақпарат» ғимаратында өткен кәсіпкерлермен кездесуде облыстық санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің өкілдері мәлімдеді.

Қанат ҒАЙНЕДЕНОВ

- Біз сіздерге ресми түрде хабарлау үшін жиналдық: келесі дүйсенбіде жаңа қаулы шығады, онда «Ashyq» мобильді қосымшасын пайдаланбайтындар жұмыс істеу мүмкіндігінен айырылатыны туралы нақты айтылады. Ал осы бағдарламаның қатысушылары үшін жұмыс уақыты кешкі сағат 6-8-ге дейін ұзартылуы мүмкін. Сондықтан, «Дина» базарындағыдай түсініспеушіліктер болмас үшін, сіздерді «Ashyq»-қа тезірек тіркелуге шақырамыз, - деді Атырау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Қанат ҒАЙНЕДЕНОВ. Тіркеу рәсімі туралы «Атамекен» Атырау кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Нұрия ШАВАЛИЕВА әңгімеледі:

- Бұрын бізге алдымен «Ashyq» бағдарламасына тіркелу туралы хабарлама алу керек болатын, оған екі күн кететін, содан кейін ғана код алу қажет еді. Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін рәсім мүмкіндігінше жеңілдетілді. Қазір QR кодты рәсімдеуге elicenze.kz  және Infokazakhstan.kz арқылы хабарлама алуға өтініш бере аласыз. Бұл процедураны тездетеді.

Жаңа шектеулер біздің бизнес қауымдастықты да дүрліктірді: шектеуді сақтаса, шығынға ұшырайды, сақтамаса әкімшілік жаза алуы мүмкін. Жиналғандар арасында жүргізілген сауалнама көрсеткендей, олардың ешқайсысында «Ashyq» қосымшасы жоқ екен, олардың көпшілігі кеше немесе бүгін ғана жүйеге тіркелу туралы өтініш жіберген.

Кейбірінің пікірінше, «Ashyq»-ты пайдалану үшін келушілерді телефондарына тіркеп, содан кейін бұл деректерді орталыққа жіберетін бірнеше жеке күзетшіні жалдау керек. Сондықтан мобильді қосымшаны енгізу олардың көп сауалын туғызады. Кәсіпкерлер бұл сауалдарды санитар дәрігерлермен, облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Қаныш МӘМБЕТОВПЕН және «Атамекен» өкілімен болған кездесуде айтты.

Біріншіден, сауда үйлері мен орталықтардың иелерінде «Ashyq» QR кодын қайда және қанша орнату керек? Орталыққа кіре берісте біреуін қою керек пе, әлде жалға алушылар қосымшаны әрқайсысын өз бутиктерінде орнатуы керек пе?» деген сұрақ туындады.

- Жалға алушылар - жеке бутик иелері өздерін жүйеге тіркеуі керек. Бұл сауда орталығына кіре берісте сатып алушылардың кептелісін тудырмас үшін қажет, - деді Қ.Мәмбетов. Ол сондай-ақ «Ashyq»-ты жай ғана ашып қоюға болмайтынын, келушілер мен сатып алушылардың барлығын тексеру керегін айтты. Олай болмаған жағдайда кәсіпкерлерді жүйеден алып тастайды, ал бұл олар жұмыс жасау құқығынан айырылады деген сөз. «Атамекен» кәсіпкерлер жұмысын қадағалап, олардың клиенттері «Ashyq»-ты қаншалықты белсенді пайдаланатынын бақылайды. Егер бір апта ішінде нысанда 20-дан аз келуші тіркелген болса, бақылау тобы оны тексереді. Мүмкін, мұндай статистика объективті себептерге байланысты болуы мүмкін - мысалы, бутик иесі ауырып қалып, жұмыс істемеген немесе кафе жөндеуге жабылған болса. Олай болмаған жағдайда, нысан 2 апта ішінде бағдарламадан шығарылады.

Қайтадан бұзса «Ashyq»-тан 2 айға шығарылады.

«Шығыс» көлік базарының иелері өте қиын жағдайға тап болды.

- Біз әдеттегіше тек сенбі мен жексенбіде жұмыс істейміз. Қазір демалыс күндері базарлардың жұмысына тыйым салынды. Бірақ демалыс күндері қақпамыздың жанында бәрібір жайма базар пайда болады. Сатушылар да, сатып алушылар да әдеттегіше біздің ауданға келеді. Базар ішінде маска киюді, әлеуметтік арақашықтықты сақтауды талап етіп, көліктер үшін арнайы белгілер жасасақ, жайма базарда ешкім бұл ережені сақтауды ойламайды. Не істеуге болады? Бізге демалыс күндері жұмыс жасауға мүмкіндік беріңіздер, өйткені жұмыс күні жабықпыз, - дейді «Автомир» ЖШС аға менеджері Күнсұлу СҰЛТАНОВА. Санэпид қызметінің өкілдері алдағы қаулыны дайындау кезінде осы автобазар жұмысын ескеруге уәде берді. «Мерей» базарындағы саудагерлердің басым бөлігі ашық аспан астында жұмыс істейді, оның аумағында тек бірнеше кәсіпкер жабық бутик жасаған. «Ashyq» жабық емес базарларға қажет пе және ашық базардағы жекелеген жабық бутиктерде мобильді жүйені енгізуді кім қолға алу керек?

Белгілі болғандай, ашық аспан астындағы базар жұмысы үшін «Ashyq» бағдарламасына қатысу талап етілмейді, ал бутиктер туралы айтатын болсақ, қосымшаны енгізу олардың иелеріне жүктелген.

СҮ иелері қазір мобильді топтың назары өздеріне бағытталғанына қынжылыс білдіреді, ал шағын дүкен жұмысын ешкім бақыламайды. Осы себептен жалға алушылар олардан кете бастаған. Көзге түспейтін бөлек орынжайларды жалға алып, кеште де, демалыс күндері де, клиенттеріне Instagram мен WhatsApp арқылы жұмыс уақыты туралы ескертіп, жұмыстарын жалғастыра береді.

«Ashyq» қосымшасы тегін болса да, оны пайдалануға байланысты шығындар болады. Келушілердің QR кодын сканерлейтінін қадағалайтын адамды кіре беріске қою керек, өйткені әдетте адамдар оны жасауға ерінеді немесе асығады. Кәсіпкерлер енді бәрі де бағдарламаға тіркелуге асығады, бұл жоғарыда аталған сайттарда техникалық ақаулар тудырады деген пікір білдірді.

«Ashyq»-ті енгізуге байланысты басқа да қиындықтар туралы алаңдаған кәсіпкерлер біртіндеп бәрі жүйеленеді деген қорытындыға келді. Өйткені, бұл пандемия басталғалы бері кәсіпкерлік саласына енгізіліп жатқан алғашқы жаңалық емес.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суреттер мен бейнежазбаны түсірген автор

29 шілде 2021, 14:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.