Атырау, 23 сәуір 22:41
 ашықВ Атырау +16
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Netflix актерлерді вакцина алуға міндеттеді

1 038 просмотра

Америкалық Netflix компаниясы студиялық жобаларға түсетін актерлерге және олармен байланыста болатындарға вакцина салуды міндеттеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz басылымы РИА Новостиге сілтеме жасап.

Netflix - Голливудта коронавирустың тарауына қарсы күрес бойынша міндетті шара енгізген алғашқы студия.

Басылым мәліметінше, компанияның жаңа бұйрығы түсірілім тобының мүшелеріне де қатысты. Вакцина алған актерлерді және бүкіл топты жұмысқа қайтару туралы хаттамалар өткен аптада Голливуд кәсіподақтарымен және ірі киностудиялармен келісілген.

Netflix-тің міндетті вакцинация енгізу туралы шешімі COVID-19-дың төртінші толқынымен, АҚШ-та "дельта" штамының таралуына байланысты. Джонс Хопкинс университетінің федерал және жергілікті билік органдары, сондай-ақ БАҚ және басқа да ашық ақпарат көздерінің соңғы мәліметіне сәйкес, АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны 34,6 миллионнан асады, 611 мыңнан аса адам коронавирустан қайтыс болған.

Айта кетейік, Netflix 1997 жылы құрылған, штаб-пәтері Лос-Гатоста, Калифорнияда орналасқан. 2013 жылдан бастап Netflix жеке фильмдерін, телешоулары мен телебағдарламаларын шығарумен айналысады.

29 шілде 2021, 09:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.