Атырау, 19 сәуір 22:00
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Атырау облысында бір тәулікте 430 адам Covid-19 жұқтырған

1 345 просмотра

Атырау облысында бір  тәулікте  430 адам Covid-19 жұқтырған, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 430 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 220 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 49 науқас анықталды. 

Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында 92 науқас, Индер ауданында - 5, Исатайда- 10, Қызылқоға ауданында - 14, Құрманғазы ауданында - 18, Мақат ауданында - 10, Махамбет ауданында - 12адам. 

Коронавирустық инфекциясы бар 295 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 135 адамда ауру белгілері жоқ. 

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 267 адам емделді.

Қазір 3896адам үй жағдайында, модульдік ауруханада - 202, екінші облыстық ауруханада – 198 пациент, фтизиопульманологиялық орталықта - 80, кардиоорталықта - 109, т/ж ауруханасында - 89 адам ем алуда,
аудандық инфекциялық стационарларда - 377. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 267 науқас.

Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта.

28 шілде 2021, 11:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.