Атырау, 16 сәуір 13:20
 ашықВ Атырау +16
$ 448.56
€ 478.03
₽ 4.79

Атыраудағы тұрғын үй нарығында не болып жатыр?

1 901 просмотра

«AЖ» жылжымайтын мүлік мамандарына осы сұрақты қойды. Олардың бақылауынша, мамыр айынан бастап бағаның аздап төмендеуі байқалады. Бұл немен байланысты және қазір бұл нарық қалай болып жатыр - «АЖ» материалында.

Былтыр қарашада «АЖ»-да баспана сатып алу үшін жинақталған зейнетақы қаражатын алуға рұқсат беруге байланысты 2021 жылдың басында бағаның өсетінін және маусым-шілде айларында төмендейтіні туралы болжам жасалды. Болжам шындыққа айналды: Алматыдағы жылжымайтын мүлік маманы Жәрдем АҚБИСЕНОВ, атыраулық әріптестері секілді, қазір жылжымайтын мүлік нарығында қаңтар-сәуір айларындағыдай белсенділік жоқ екенін атап өтті.

- Дегенмен, сатушылар бағаны түсіргісі келмейді, бірақ түсіруге мәжбүр болады, өйткені тұрғын үй нарығында бағаны сатып алушы анықтайды, - дейді Ж.Ақбисенов.

Екінші деңгейлі тұрғын үй бағасы түседі, ал жаңа үйдің бағасында өзгеріс болмайды  - бұл құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты, - деп есептейді Атыраудағы жылжымайтын мүлік маманы Руслан ЖАКБАЛИЕВ. Оның пікірінше, екінші деңгейлі тұрғын үй бағасының біртіндеп құлдырауы жыл соңына дейін жалғасады:

- Мысалы, Сәтпаев даңғылы, Құлманов көшесіндегі үйлерді сатушылар 20 пайызға дейін төмендетіп отыр.

Оның әріптесі Ғафура ҚАРАШ та осындай пікірде.

- Мамырға дейін адамдар баспананы тез арада алуға тырысты, әсіресе, 1 бөлмелі пәтерге деген сұраныс артты, өйткені зейнетақы жинақтары негізінен осындай шаршы метрге жететін еді, - дейді Ғ.Қараш. Ол қысқы-көктемгі серпілістен кейін бағаның біртіндеп төмендегеніне мысал келтіреді:

- Ақпанда Привокзальныйда 2 бөлмелі екі пәтерді 12-13 миллионға саттық («зейнетақыға» дейін олар 8-9 млн болды), ал қазір ондай пәтерлердің құны 11 миллион тұрады.

Бірақ риэлтор Элеонора ҚАБИ баспана бағасы жақын арада төмендейді деп ойламайды. Оның пікірінше, Атырауда баспана зейнетақы жинақтарын түсіруге және жеңілдікпен несиелеудің ипотекалық бағдарламаларына байланысты ғана емес, ТШО мен NCOC күні кешеге дейін 35-тен 60 миллион теңгеге дейін қызметкерлеріне 15 жылға дейінгі мерзімге пайызсыз қарыз бергесін қымбат болып отыр.

Бұдан басқа, ірі компаниялар басқа қалада тұратын жұмысшыларының көпшілігіне Атыраудан пәтер жалдайды және жоғары жалақы төлейді, бұл оларға баспана сатып алу үшін ақшаны тез жинауға мүмкіндік береді.

Ал жалақысы көп жергілікті жұмысшылар Атыраудан жылжымайтын мүлік сатып алуға асықпайды. Олар экологиясы нашар Атыраудан алыс жерден - Алматы мен Нұр-Сұлтаннан сатып алады.

Қабидың айтуынша, атыраулықтардың көпшілігіне баспана сатып алуға зейнетақы жинағы жетпейді, сондықтан ипотека алуға мәжбүр. Ал жеткілікті жандардың бір басында бірнеше пәтері бар және олар Атырау қаласынан жылжымайтын мүлік сатып алмайды.

Айнұр САПАРОВА 

27 шілде 2021, 21:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.