Атырау, 26 сәуір 18:54
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Спорт жаңалықтары

1 626 просмотра
Көрнекі сурет

Алматыда бозбалалар мен кадеттер арасында таеквондодан Қазақстан Кубогы (GTF нұсқасы) өтті. Бапкер Берік Әлжанов бастаған атыраулық спортшылар командасы 4 алтын және 4 қола алқа жеңіп алды.

Даяна мен Мейіржан Әділхан, Дильназ Дүйсенбаева және Елнұр Атабайұлы Кубок иегерлері атанды. Қола алқа Жанель Беріковаға, Полина Ляшенкоға, Матвей Толстовқа және Ерасыл Жұмабаевқа бұйырды.

* * * * *

Петропавлда муай-тайдан жастар мен юниорлар арасында Қазақстан чемпионаты өтті. Осы турнирде Атырау облысының құрама командасы 1 алтын, 1 күміс және 5 қола алқа жеңіп алды.

Бисембай Арсен ел чемпионы атанды, Мұрат Дінмұхаммед күміс жүлдегер, Мейіржан Таласов, Нұрлан Жанбеков, Тамерлан Төлеуғалиев, Аяулым Бекболат және Арсен Маратұлы қола алқа тақты.

* * * * *

Қызылордада қоян-қолтық ұрыстан р арасында Қазақстан чемпионаты өтті. Атыраулық спортшылар 3 алтын, 5 күміс және 4 қола алқа жеңіп алды.

Луиза Өтебалиева, Кәусар Аманжолқызы және Ақниет Ақболатқызы ел чемпионы атанса, Мереке Досымжан, Мәжит Дархан, Жаңабай Ернұр, Марат Алдияр және Мадияр Тайшиев күміс алқа, Сатыбалды Ибрагим, Сәрсенғали Алмаз,  Әзиз Құбашев пен Қадыр Таубай қола алқа иеленді.

* * * * *

Қостанай облысының Тобыл қаласында ерлер мен әйелдер арасында өрттен құтқару спорты бойынша Қазақстан чемпионаты өтті. 28 командадан 251 спортшы қатысқан тартыста Атырау облысының құрамасы командалық сайыста үшінші орынға ие болды.

Шабуыл сатысымен мұнараға көтерілу сайысында Атырау өкілі Мағау Нұралы чемпион болды, оның командалас серігі Николай Буторин - қола жүлдегер атанды. Атыраудың тағы бір өкілі Даниил Пузиков 100 метрлік кедергілерден өту бойынша жеке жарыста жеңіске жетті.

Ерлер арасындағы эстафетада Атырау облысының командасы екінші орынға ие болды. Бахрам Құдайбергенов, Батырхан Айтжанов, Нұрлан Құлмахамбетов және Тұрсынғазы Бексұлтан барлығы 59,13 ұпай жинады.

* * * * *

Қырғызстанда Пенчак-силат жекпе-жек өнері бойынша II Орта Азия ойындары өтті. Оған Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстаннан 200-ден астам спортшы қатысты.

Атырау облысының Пенчак-силат федерациясының спортшылары жақсы нәтиже көрсетіп, 2 күміс және 7 қола алқа жеңіп алды. Жолдас Артур мен Ермекқали Арсен күміс алқа, Орынбай Темірлан, Серік Айқын, Тасмағамбетов Нұрдәулет, Төлеуғали Ернұр, Әділбек Нұрхан, Нығымет Ерназар және Жолдасов Айбол қола алқа иегерлері атанды.

27 шілде 2021, 14:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.