Атырау, 19 сәуір 12:21
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

«Нұр Отан» үміткерлері ауылдық округтің бәрінде дерлік жеңіске жетті

1 231 просмотра

Атырау облысы бойынша ауылдық округ әкімдері сайлауының барлық 18 жеңімпазын таныстырамыз.

Атырау қаласы. Шапхат ҚАЛИЕВ Қайыршақты ауылдық округінің әкімі болып сайланды, 1969 жылы туған, сайлауға дейін - Қайыршақты ауылдық округінің әкімі, «Нұр Отан» партиясы ұсынған,Томарлы ауылының тұрғыны; Дамбы ауылдық округінің әкімі болып Ұзақбай БАЙЗУЛЛИН сайланды, 1961 жылы туған, сайлауға дейін - Дамбы ауылдық округінің әкімі, «Нұр Отан» партиясы ұсынған, Амангелді ауылының тұрғыны.

Жылыой ауданы. Қосшағыл ауылдық округінің әкімі болып Саян БАСЕЛОВ сайланды, 1989 жылы туған, сайлауға дейін - Қосшағыл ауылдық округінің әкімі, «Нұр Отан» партиясы ұсынған, Қосшағыл ауылында тұрады; Қара Арна ауылдық округінің әкімі болып Ерболат ЕЛЕУСІНОВ сайланды, 1961 жылы туған, сайлауға дейін - Қара Арна ауылдық округінің әкімі, «Нұр Отан» партиясы ұсынған, Шоқпартоғай ауылында тұрады. 

Индер ауданы. Жарсуат ауылдық округінің әкімі болып Ербол БӨКЕЕВ сайланды, 1962 жылы туған, сайлауға дейін - Индер аудандық ветеринариялық станция директоры, Жарсуат ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған; Мәмбетқали ҚҰСАЙЫНОВ Көктоғай ауылдық округінің әкімі болып сайланды, 1964 жылы туған, сайлауға дейін - Көктоғай ауылдық округінің әкімі, «Нұр Отан» партиясы ұсынған, Көктоғай ауылында тұрады.

Исатай ауданы. Ғаділ БОРАНБАЕВ Аққыстау ауылдық округінің әкімі болып сайланды, 1963 жылы туған, сайлауға дейін - Аққыстау ауылдық округінің әкімі, «Нұр Отан» партиясы ұсынған, Аққыстау ауылында тұрады.

Құрманғазы ауданы. Әлімбай ӘБДІРАХМАН Ақкөл ауылдық округінің әкімі болып сайланды, 1963 жылы туған, сайлауға дейін - Нұржау ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы, «Нұр Отан» партиясы ұсынған, Ақкөл ауылында тұрады; Мақсат МҰРЗАҒАЛИЕВ Асан ауылдық округінің әкімі болып сайланды, 1989 жылы туған, сайлауға дейін - Асан ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, «Нұр Отан» партиясы ұсынған, Асан ауылында тұрады; Жаслан СҮНДЕТОВ Кудряшов ауылдық округінің әкімі болып сайланды, 1984 жылы туған, сайлауға дейін - Байда ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, өзін-өзі ұсынған, Жұмекен ауылында тұрады; Жандос БЕКТЕМІРОВ Орлы ауылдық округінің әкімі болып сайланды, 1969 жылы туған, сайлауға дейін - Құрманғазы ауданы әкімінің орынбасары, «Нұр Отан» партиясы ұсынған, Құрманғазы ауылында тұрады; Роза КАМЗАЕВА Сафонов ауылдық округінің әкімі болып сайланды, 1963 жылы туған, сайлауға дейін - Сафонов ауылдық округінің әкімі, «Нұр Отан» партиясы ұсынған, Сафоновка ауылында тұрады; Қайсар МАХСУТОВ Теңіз ауылдық округінің әкімі болып сайланды, 1992 жылы туған, сайлауға дейін - Құрманғазы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, “ADAL” партиясы ұсынған, Құрманғазы ауылында тұрады.

Қызылқоға ауданы. Зейнолла ШАЛИКОВ Қарабау ауылдық округінің әкімі болып сайланды, 1990 жылы туған, сайлауға дейін - Қызылқоға ауылдық округі әкімдігінің бас маманы, «Нұр Отан» партиясы ұсынған, Қарабау ауылында тұрады.

Махамбет ауданы. Ақтұрлан ЕРМАНОВ Ақжайық ауылдық округінің әкімі болып сайланды, 1964 жылы туған, сайлауға дейін - «Дастан» шаруа қожалығының өндірістік директоры, Ақжайық ауылының тұрғыны, «Нұр Отан» партиясы ұсынған; Мереке ӘДІЛҒАЛИЕВ Есбол ауылдық округінің әкімі болып сайланды, 1972 жылы туған, сайлауға дейін - Есбол ауылдық округінің әкімі, «Нұр Отан» партиясы ұсынған, Ортақшыл ауылының тұрғыны; Тәттімбет ДАУЫЛБАЕВ Бейбарыс ауылдық округінің әкімі болып сайланды, 1989 жылы туған, сайлауға дейін - Махамбет аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы, «Нұр Отан» партиясы ұсынған, Бейбарыс ауылының тұрғыны; Жексенбай ПАЗУЛОВ Сарайшық ауылдық округінің әкімі болып сайланды, 1985 жылы туған, сайлауға дейін - Махамбет аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі, «Нұр Отан» партиясы ұсынған, Махамбет ауылының тұрғыны.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

27 шілде 2021, 11:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.