Атырау, 16 сәуір 18:19
 бұлттыВ Атырау +15
$ 448.56
€ 478.03
₽ 4.79

Кешірім сұрағанмен, айыппұл салынды

1 565 просмотра

Сот коронавирусқа қарсы вакцина алған соң өтірік талып қалған Өзбекстан азаматына айыппұл салды. 

Естеріңізге салсақ, «Динада» жұмыс істейтін 24 жастағы Өзбекстан азаматы екпе салғанша жанжал шығарып, содан кейін өтірік талып қалған еді. Оны ауруханаға жеткізіп, кейін үйіне жіберді. Базарда көшпелі вакциналаумен айналысатын №3 емхана әкімшілігі оның үстінен сотқа арыз жазды.

Іс Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында қаралды. Процесске жауапкер мен ол балағат сөз айтқан дәрігер қатысты.

- Мен өз кінәмді толық мойындаймын. Жасаған ісім үшін кешірім сұраймын, — деп мәлімдеді сотта жауапкер. Алайда дәрігер оған кешірім берген жоқ.

Сот Өзбекстан азаматын ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы ("Ұсақ бұзақылық") бойынша кінәлі деп тауып, 10210 теңге айыппұл салды. Сондай-ақ, оның жұмыс берушісін - жанжалға белсенді қатысқан бутиктің иесіне де осындай мөлшерде айыппұл салынды. 

Фархат АБИЛОВ

28 шілде 2021, 17:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.