Атырау, 23 желтоқсан 01:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Алаяқ әріптес

1 786 рет қаралды

24 шілдеде 40 жастағы Атырау қаласының тұрғыны полицияға өзінің ұялы телефонындағы банк қосымшасы арқылы белгісіз біреу несие рәсімдегені туралы арызданған. Полиция 31 жастағы күдіктіні ұстады - ол жәбірленушінің бір кеңседе бірге жұмыс жасайтын танысы болып шықты. 

Атырау облысының Полиция департаменті хабарлағандай, ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-бөлігі ("Алаяқтық") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

ПД бастығы Қамза ҮМБЕТҚАЛИЕВТЫҢ айтуынша, ақпараттық жүйені пайдаланушыны алдау немесе сенімін теріс пайдаланғаны сотта дәлелденсе, 4 мың АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не 4 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

29 шілде 2021, 10:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.