Атырау, 25 қараша 04:48
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Кубада митингке қатысқан 500-ге жуық адам жоғалып кетті

1 477 просмотра

Белсенділер Кубадағы митинг кезінде 500-ге жуық адам жоғалып кеткенін мәлімдеді, - деп хабарлайды tengrinews.kz Eminetra басылымына сілтеме жасап.

Мұндай мәліметтерді Вашингтонда орналасқан еркін Куба орталығы келтірді. Сонымен қатар, ұйым наразылық акциясына қатысушылардың көбі оларға адвокат берілмей жатып сотталғанын мәлімдеді.

"Жоғалған адамдар саны одан да көп, себебі адамдарды соттап жатыр. Кубада заң үстемдігі жоқ. Ол сот процестері заңсыз, айыпталушылар туыстарымен де кездесе алмады", - дейді орталық баспасөз хатшысы Джаннисет Риверо.

Ондаған адамды штаттағы полиция қызметкерлері қамауға алған. Cubalex заңгерлер тобының айтуынша, қамауға алынғандар ішінде жасөспірімдер көп.

Ал Куба үкімі наразылық шарасы кезінде жалған ақпарат көп тарағанын мәлімдеді. Куба Сыртқы істер министрлігінің АҚШ-пен байланыс бөлімінің бас директоры Карлос Фернандес де Коссио Кубадағы наразылық білдірушілерге қатысты сот процестері әділ және адвокаттармен өткенін айтты.

27 шілде 2021, 10:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.