Атырау, 26 сәуір 19:44
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Атырау облысында бір тәулікте 480 адам Covid-19 жұқтырған

1 218 просмотра

Қауіпті инфекцияның таралу ошағы Атырау қаласы болып отыр деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 480 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 406 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 45 науқас анықталды. 

Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында 1 науқас, Индер ауданында - 10, Қызылқоға ауданында - 6, Құрманғазы ауданында - 10, Мақат ауданында - 1, Махамбет ауданында - 1 адам. 

Коронавирустық инфекциясы бар 316 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 164 адамда ауру белгілері жоқ. 

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 60 адам емделді.

Қазір 3839 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада - 207, екінші облыстық ауруханада – 197 пациент, фтизиопульманологиялық орталықта - 87, кардиоорталықта - 106, т/ж ауруханасында - 93 адам ем алуда,
аудандық инфекциялық стационарларда - 374. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 240 науқас.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта.

27 шілде 2021, 09:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.