Жақында Атырауға Құлсарыдан қыдырып келген туыстарымды Исатай-Махамбет алаңына алып бардым. Қаланың ішіндегі ең көрікті алаңның жағдайы көңіл көншітпеді.
Ескерткішке жазылған батырлар есімінің кейбір әріптерінің алтын жалатпасы өшіріліп қалған. Оның астындағы тас тақтайшалардың кей тұстары шыныдай шытынап кеткен.
Ал гүлзармен әдеміленген орындықтардың сау тұрғаны көрінбейді. «Домбыра» экзотикалық субұрқағы қапталған мәрмәр тастарының бұрыштары мүжіліп, түсіп қалған.
Турникет татталып кеткен, жаңартқан жөн болар ма еді.
Алаңның қақ ортасында балаларға жалға берілетін аттракциондардың қаңқалары да айналаның сәнін кетіріп тұр.
Одан басқа бұл алаңда жерден көтерілетін әуенді субұрқақтардың бірі биылдыққа іске қосылмағанын білемін.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
Суреттерді түсірген автор
В Атырау 0 
























