Атырау, 20 сәуір 21:03
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

«Судан дустының иісі шығады»

Сурет
1 730 просмотра

Құрманғазы ауданы Жұмекен ауылында ауыз судан «Дустының» иісі шығып отыр деп дабыл қағуда жергілікті тұрғындар. Ол су  Жұмекен су тазарту қондырғысы арқылы Сурхан өзегінен беріліп отыр.

- Ішуге жарамсыз, иіс бар, сондықтан оны  бақшаға пайдаланып жатырмыз. Өзіміз водовоз әкелген суды ішіп отырмыз. Былтыр да осындай жағдай болып еді. Суға не болған? Әкімдік мұны анықтауы керек қой, - дейді тұрғындар.

Осыған байланысты Құрманғазы ауданы баспасөз қызметінің берген жауабы мынадай: «Сурхан өзегіне аудан әкімі М.Мурзиев мамандармен бірге барды. Су балдырларының көбейіп, көк, жасыл түске боялып, дуст иісінің шығуы табиғи жайт. Ағыстың жоқтығынан күн қатты ысығанда судағы балдырларда шіру процесі орын алуы екінші жыл қайталанып отыр. Бұл жағдай, әсіресе, жаздың аптап ыстығында орын алса, күн суытқанда иіс жоғалып кетеді екен».

Ауылды сумен қамтуға жауап беретін «Қайседенов» ШҚ-ның өкілі жағымсыз иіс «Кобяково-Забурын» жасанды каналына дейін шықпайтынын жеткізді. Сондықтан Жұмекен су тазарту қондырғысының сусорғысын сол каналға көшіру жөнінде ұсыныс берілді. Алдағы уақытта Сурхан өзегін қазу жобасы жасақталып, 243 шақырым түп тереңдету жұмыстары жүргізілмекші.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА  

Сурет әлеуметтік желіден алынды

27 шілде 2021, 12:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.