Атырау, 19 сәуір 17:06
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Тойдың шырқын бұзған кім?

Сурет Бейнежазба
2 113 просмотра

Атырауда күн сайын 400-ден астам адам коронавирус жұқтырып жатыр, жыл басынан бері 233 адам қайтыс болып, пандемия үдеп тұрған кезде атыраулықтар көп адам жиналатын той ұйымдастырып, садақа өткізуді тоқтатар емес.

Атырау облыстық Бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, облыста кешкі 20:00 кейін және демалыс күндері мүлдем жұмыс істеуге болмайды. Алайда қалтаны қалыңдатуды ойлаған кәсіпкерлер қаулыға бағынбай, келушілерге таңға дейін қызмет көрсетеді, демалыс күндері де жұмыс жасай береді. Жасырын қызмет көрсету әдісі қарапайым: келуішелерге көлікті басқа жерге қойғызып, есікті іштен құлыптап алып, терезелерді қараңғылап қояды.

Соңғы күндері дәл осылай Pinta, Lift, Vivaldi, Endnesteimiz, Әсел мейрамханалары қаулы талабын бұзған. Олардың иесіне акт толтырылды, енді олар айыппұл төлейді. Атырауда карантин бұзу бойынша рекорд орнатқан «Рыба моей мечты» караоке-клубы бар. Бұл мейрамхана бірнеше рет карантин талабын бұзып, айыппұлды төлеп, әрі қарай жұмысын жалғастыра береді. Мүмкін, Әкімшілік кодекске осындай қаскөй бұзушыларға қатысты жазаны қатаңдататын тиісті бап енгізу керек болар? Мәселен, белгілі бір мерзімге жауып тастау секілді.

...Айтқанымыздай, той-садақа жасайтындар азаймай тұр. Мәселен сенбі күні Атырау қаласы маңындағы Жаңаталап ауылында «Асыл ана» мейраханасында 300-ге жуық адам қатысқан той тарқатылса, «Керуен» мейрамханасында терезелерді қараңғылап өтіп жатқан үйлену тойы тоқтатылды. Қонақтармен бірге күйеу жігіт пен қалыңдық та мейрамханадан шығарылды. Тойдың шырқы бұзылды, оған кім кінәлі? Осылай аяқталатынын ұйымдастырушылар білді ғой.

Атырау әкімдігі баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, мейрамхананы тексеруге келетін полиция қызметкерлері мен мониторинг тобы өкілдеріне қарсылық танытатындар да баршылық. Әзірге мұндай жағдайлар жанжалсыз аяқталуда, бірақ мұндай әрекет үшін әкімшілік емес, қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Фархат ӘБІЛОВ

Сурет пен бейнежазбаны қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі ұсынды

27 шілде 2021, 18:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.