Атырау, 18 желтоқсан 18:04
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

Алтын Орда тарихын ұзақ уақыт зерттеген белгілі ғалым Владимир Белинский Шыңғыс хан қазақ деген тұжырым жасап отыр.

3 998 просмотра

BAQ.KZ. Тарихшы Владимир Белинский Шыңғыс хан қазақ деген тұжырым жасады - Кеңестік тарихшылар қаншама бұр­ма­лағанмен, Шыңғыс ханның қазақ екен­­дігін дәлелдейтін фактілер жеткілікті. Шың­ғыс ханның ұрпақтары, Алтын Ор­даның хандарының барлығы Моң­ғол­станда емес, қазақ жерінде отырғанының өзі-ақ көп нәрсені аңғартпай ма? 

TV7.KZ. Бомбаның жарылысына шыдайтын пойыз құрастырылып жатыр - "Бомбаның күш қуатын жеңілдете алмасақ та, оның салдарын барынша кемітуге тырысамыз. Біздің ойымызша, пойыз жолаушыларды қорғай алатындай болуы қажет", - дейді Конор О`нил,  Ньюкасл универистетінің өкілі.

ALASHAINASY.KZ. Кәсіби мектептер кәнігі маман дайындауда неге қауқарсыз? - Еліміздің кез келген аймағындағы кәсі­би мектепке барсаңыз, кеңес дәуірінен қал­ған көз секілді. Тура мағынасында. Сол заманғы кескін-келбеті, адам аяйтын ахуа­лы, материалдық-техникалық базасы. Есік­тен кіргенде-ақ еңсеңізді езеді. Тап бір кеңес дәуірінің тірі мұражайында тұрған­дайсыз.

AIKYN.KZ. Божко неге қымбат тікұшаққа қызығады? - ТЖМ қиын жағдайға ұшыраған науқас­тарға арналған 4 орынды төсек орны бар, то­лық жанармай багымен тоқтаусыз ұшу ұзақ­тығы 500 шақырымды құрайтын ті­кұшақтың әрқайсысын 2 млрд 300 мил­лион теңгеге бағалап сатып алған. Ал елі­­­міздің Қорғаныс министрлігі тура осын­дай нұсқадағы шығарылу мерзімі бірдей техниканы бұған қарағанда 323 миллион теңгеге арзанға алуы нені біл­діреді?

HALYKSOZI.KZ. Түркістандағы "НКВД түрмесінің" құпиясы - Ресей патшалығы жаулап алғаннан соң 1868 жылға дейін Түркістанда жергілікті халықтың ішінде туған дау-дамайды қазылар соты шешіп отырды. Ал 1872 жылы сәуірден 1887 жылға  дейін уақытша жүргізген Түркістан уезінің сотының ісі Шымкент халық сотының және оның көмекшісінің қолына өтті. Қайта құрылған соңғы сот бөлімінің отырысынан кейін, 1899 жылы 14 мамырынан Түркістанда халыққа арналған  екі түрме жұмыс істеді.

24KZ. Мексика азаматы ас пісіретін ерекше пеш ойлап шығарды - «Құбыр пеш» деп аталатын жабдық уақыт үнемдеп, артық қуат кетіруді қажет етпейді. Бір қызығы пештен түтін шықпайды екен.

AZATTYQ.ORG. "Азияда соғыс шықса, судан шығады" - "Су – Азияның көп бөлігінде, Таяу Шығыста, Орталық Азияда және Кавказда даулы мәселеге айнала бастады. Мен тұщы су тапшылығы қақтығысқа әкеледі деп ойлаймын", - дейді Нью-Делидегі саяси зерттеулер орталығының профессоры Брахма Челлани.

ZHASALASH.KZ. - «Қызметтен босап қалғандар қылпылдап жүр» - Бәрiнен де Қайрат Қо­жамжаровтың ұпайы түгел. Қаржы полициясында сыбайлас жемқорлармен “бi­тiмсiз күрес жүргiзген” Қожамжаровтың аты бiр­шама танылып қалды. Қо­жамжаровтың еркiн әрекет етуiне сол тұстағы Ресей президентi Дмитрий Мед­ведевтiң септiгi тиген де­седi бiлетiндер.

ULT.KZ. Сыртқы қарыздың экономикаға әсері - Ел мынадай себептерге байланысты қарыз алады: бюджет жетіспеушілігін жабу үшін, экономикалық өсуді қамтамсыз ету үшін, импорт тауарлар алуға, реформа жүргізуге немесе үлкен жобаларды жүзеге асыру мақсатында. 

AIKAP.KZ. Кедейлік психологиясынан арылмай, қазақ қалай байысын?! - Бай көрсек, бәле көргендей жиырылып шығуымыз сол кеңестік саясаттан. Байды қырып, «шолақ белсенді» етіп, кедей деген әлеуметтік топтың әлеуетін күшейту арқылы қазақтың психологиясына төңкеріс жасады. Содан не керек, «ауруын жасырған өледі» демекші, ашығын айтуымыз керек, бүгін біз Тәуелсіз ел болсақ та, әлі сол кедейлік психологиясынан арыла алмай отырмыз. 

QAMSHY.KZ. Қазақтың атымтай жомарты туралы фильмді Қытай түсіреді.

ABAI.KZ. Ертісбаев шынымен еркін сөзді жоқтады ма? - Журналистік зерттеу жанрының біздегі халі нешік?! Жай шынайы жағдайды хабарлаған репортаждары үшін алды таяқ жеп, соңы сотталып, тіпті саяси тапсырыспен өлтіріліп жатқан елде журналистерді кінәлау қаншалықты орынды болар екен. Жалпы авторитарлық режимдегі елдерде аса қатерлі саналатын жанрды біздің Президентіміздің саяси кеңесшісі жоқтап жатса ше?

28 қаңтар 2013, 10:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.