Атырау, 19 сәуір 04:38
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Полиция инскассаторлар мен күзетшілерді тексеруде

2 287 просмотра

Атырау облысында жедел-профилактикалық іс-шара өтуде. Оның мақсаты қызметтік қару айналымына тиімді мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.

Полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Мейірім ЕРДӘУЛЕТ хабарлағандай, шара аясында банктердің инкассация қызметі, «Қазпошта» АҚ Атырау филиалы және күзет ұйымдары тексеріліп жатыр.

3 заң бұзушы анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның бірі - ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабы (Қызметтік қаруды, оның патрондарын сақтау тәртібін бұзу) бойынша. Қызметтен тыс уақытта қару сейфте сақталуы керек, ал бұл ереже сақталмаған. Қалған екі бұзушы ҚР Әкімшілік кодексінің 486-бабы (Қызметтiк қаруды тiркеу (қайта тiркеу) тәртібін бұзу) бойынша жауапқа тартылды.

«Қызметтік қару» шарасы 6 наурызға дейін жалғасады.

Айнұр САПАРОВА

2 наурыз 2021, 11:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.