Атырау, 12 маусым 13:13
 дождьВ Атырау +29.4
$ 487.76
€ 562.39
₽ 6.75

Мас күйде әйелімен жанжалдасып, асылып өлмекші болды

2 224 рет қаралды

Кешкі 11-де 102 операторының пультіне Нұрсая ықшамауданының 32 жастағы тұрғынынан қоңырау түсті. Ол өзінің азаматтық некедегі күйеуінің өз-өзіне қол жұмсамақ болып жатқанын хабарлады.

Сол жерге барған полиция қызметкерлері пәтерде өзін аспақшы болған мас күйдегі ер адамды көрді.

Әйел өзара ренжіскен кезде күйеуінің өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын түсіндірді. Учаскелік инспекторлар түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ер адам мұндайды қайталамауға уәде берді.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

2 наурыз 2021, 10:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.