Атырау, 26 сәуір 18:18
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Заң бұзушылықтар хроникасы

2 133 просмотра

Атырауда тұрғын үй пәтерлерінің бірінде түнгі тыныштықты бұзғаны үшін жергілікті 9 тұрғынға айыппұл салынды.

102 операторына көршілерінен шақырту түсті. ПД хабарлағандай, учаскелік инспекторлар осы пәтерді тексергеннен кейін 9 адамға 437-бап («Түнгі тыныштықты бұзу») бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырды.

Карантин шектеулерінің сақталуын тексеру жұмыстары жалғасуда. ПД хабарлағандай, түнгі сағат 00:30-да Ш.Уәлиханов көшесінде «Barrel» караоке-клубы жұмыс істеп тұрды. Сол түні сағат 02.30 шамасында Азаттық көшесінде «Vivaldi» пабы ашық болып, ішінде 80 адам болған. Шара алу үшін материалдар қалалық санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасына жолданды.

Естеріңізге салсақ, Атырауда карантин режимі әлі жойылған жоқ. Атап айтқанда, қоғамдық тамақтану нүктелеріне тек түн ортасына дейін ғана жұмыс істеуге рұқсат етілген. Адам көп жиналатын отбасылық үлкен іс-шаралар ұйымдастыруға салынған тыйым әлі күшін жойған жоқ.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

2 наурыз 2021, 09:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.