Атырау, 23 желтоқсан 10:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Әйелдер дағдарыс орталығына қашады

2 070 рет қаралды

Атырауда «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы  кезінде 4 күн ішінде отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты 192 жағдай тіркелді. Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қамза ҮМБЕТҚАЛИЕВТЫҢ айтуынша, шара барысында ішкі істер органдарының профилактикалық есебінде тұрғандарға ерекше көңіл бөлінген.

Шара нәтижесінде 94 тұлғаға қатысты қорғау нұсқамасы, 7 тұлғаға ерекше талаптар белгіленді. 192 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Өткен жылы Атырау облысында полицияға 860 әйел күйеуі немесе азаматтық некедегі жолдасы тарапынан зорлық-зомбылық көргені туралы шағыммен жүгінген. Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсететін дағдарыс орталығына балаларымен (53 бала) бірге 25 әйел жіберілді.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

2 наурыз 2021, 09:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.