28,6 миллионнан астам құс жойылды
Фото: ашық дереккөзден
H5N8 құс тұмауының жоғары патогенді штаммы Оңтүстік Корея Кенгидо провинциясындағы Инчхонда құс фермаларының бірінен анықталды, - деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі regnum.ru-ға сілтеме жасап.
Соңғы мәліметтер бойынша, ел аумағында үй құстары арасында құс тұмауының жоғары патогенді штамының 101 ошағы анықталды. 28,6 миллионнан астам құс жойылды.
Азық-түлік, ауыл, орман және балық шаруашылығы министрлігінің өкілдеріне сілтеме жасаған Yonhap News мәліметінше, қазіргі уақытта ветеринарлық органдар Канвондо провинциясының Вончжу қаласындағы құс фабрикасында инфекцияның тағы бір болжамды ошағын зерттеп жатыр.
Осыған байланысты Оңтүстік Кореяда тауық жұмыртқасының құны бірден 48,1 %-ға өсті. Сонымен қатар, тауық етінің құны 9,2 %-ға қымбаттады.
Айта кетерлігі, құс тұмауы немесе құстардың классикалық обасы – Оңтүстік Кореяда тарап отырған вирустық жұқпалы ауру түрлері.
Бұл ауруды алғаш рет Италиядан келген ветеринар Эдуардо Перрончито 1878 жылы тауық іш сүзегі деп атады. 1955 жылы «құс обасын» тудыратын тұмау вирусы екендігі дәлелденді.
2019 жылғы шілдеде әлемде жануарлардың қауіпті ауруларының 985 жаңа ошағы, оның ішінде жоғары патогенді құс тұмауының ошақтары анықталды. Олар Вьетнам, Мексика, Тайвань және Оңтүстік Африкада табылды.