Атырау, 25 қараша 11:48
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

​АҚШ-тағы төтенше жағдай режимі тағы бір жылға созылды

2 001 просмотра

Президент Джо Байден АҚШ-тағы төтенше жағдай режимінің мерзімін тағы бір жылға созды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған жер жаһанды жайлаған коронавирус пандемиясы себеп. Ақ үй басшысы мақұлдаған құжатта COVID-19 індеті әлі де болса халық үшін үлкен қауіп екені ескертілген. 

Осылайша 2020 жылдың 13 наурызында жарияланған ұлттық төтенше жағдай режимі ағымдағы жылдың наурыздың бірінен кейін тағы бір жылға ұзартылатын болды. 

Айта кетейік, жуырда құрама штаттарында коронавирус дертінен қаза тапқандардың жалпы саны 500 мыңнан асты. Ал індетке шалдыққандардың қатары 28 млн-нан көп.

25 ақпан 2021, 09:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.