Атырау, 27 сәуір 03:15
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Спорт жаңалықтары

2 277 просмотра

Ақтөбеде дзюдодан 2004-05 жылғы бозбалалар арасында ел чемпионаты өтті. Атырау облысының құрамасы бір алтын және бір қола алқа алды.

50 келіге дейінгі салмақта бағын сынаған Данияр Құлышев алдымен жақсы күресіп, Түркістан мен Алматы облыстарының өкілдерінен үстем түсіп, жартылай финалда ақтөбелікке есе жіберіп алды. Содан кейін ол жұбаныш раундын өткізіп, екі мәрте жеңіп, нәтижесінде қола алқа иеленді.

Ал 55 келіге дейінгі салмақта атыраулық Олжас Құмар алтын алқа алды. Финалға жету жолында түркістандық және алматылық қарсыластарымен жекпе-жекті иппонмен аяқтап, шешуші шайқаста шымкенттік Орынбасар Талғатты жеңді.

* * * * *

Атыраулық стритболшылар Алматыда «Winter Jam» турнирінде алтын алқа алды.

«Атырау» командасының құрамында Ерқанат Қайрошев, Ильяс Жүнісов, Асқар Табешов пен Жәңгір Балғымбаев бақ сынады.

* * * * *

Алматыда ММА бойынша Қазақстан чемпионаты өтті, оған 200-ден астам спортшы қатысты.

Турнирдің бірінші күні екі дүркін Азия чемпионы Олжас Молдағалиевтың жеңіл салмақ дәрежесінде жеңіліске ұшырауы бапкерлер үшін күтпеген жайт болды.

Басқа атыраулық қатысушылардың нәтижелері: алтын алқа - Неймат Асадов, күміс - Ерұлан Қабдолов, қола - Ақылбек Ғарифуллин, Бердібек Сиражов және Рафхат Тоқтар.

* * * * *

Ақтөбеде дзюдодан 2004-05 жылғы ұлдар мен қыздар арасында Қазақстан чемпионаты өтті. 57 келіге дейінгі салмақта атыраулық Дана Әбдірова чемпион атанды.

Оның салмағында Алматы, Қарағанды, Түркістан, Қостанай және Қызылорда облыстарынан 40 қатысушы бақ сынады. Дана барлық қарсыласын иппонмен жеңді. Былтыр ол ел чемпионатының қола жүлдегері болғанын атап өткен жөн.

* * * * *

Алматы облысының Қаскелең қаласында кекушинкай-кан каратэден ҚР Кубогы өтті, оған 400-ге жуық спортшы қатысты.

Турнир қорытындысы бойынша Атырау облысының құрамасы командалық 3-орынға ие болды. Алтын алқаны Елемес Нұржан, Глеб Повстянко және Арман Әміров, күміс алқаны Марат Мұхаммед, Бақтыбек Сауханов, Алтын Ғалиева және Станислав Сурков, қола алқаны Рано Иманғазиева, Кристина Шрайнер, Жадыра Досханаева және Әбдңғали Дінмұхаммед жеңіп алды.

Спортшыларды бапкерлер Т.Нұрымов, М.Жолдасов, А.Котов, Р.Байбосынов және Т.Әдебиетов дайындады. 

24 ақпан 2021, 15:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.