Атырау, 17 тамыз 23:12
 дождьВ Атырау +27.3
$ 464.02
€ 536.18
₽ 5.54

Бұл жолы құтқарушылар қажет болмады

Сурет Бейнежазба
3 152 рет қаралды

23 ақпан күні Атырауда екі қатарлы жеке тұрғын үйден өрт шықты.

«Өрт туралы 101 нөміріне сағат 20:16 да хабар түсті. Өртті сөндіруге 5 техника мен 24 жеке құрам жұмылдырылды. Өрт сағат 21:08  минутта оқшауланып, 22:25 минутта толықтай сөндірілді», делінген Атырау облыстық ТЖД хабарламасында.

Екі қатарлы осы үй 2017 жылдың жазында да өртеніп, көше бойымен кетіп бара жатқан екі қала тұрғыны өрттің ортасынан 2-7 жас аралығындағы 4 баланы алып шыққан еді.


Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суреттерді ТЖД ұсынды

24 ақпан 2021, 17:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.