Атырау, 25 сәуір 03:47
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Мал іздеуге шыққандар далада қалды

2 567 просмотра

22 қаңтарда кеште Жылыой ауданынында мал іздеп шыққан 4 адам далада қалып қойғаны жөнінде хабарлама келіп түсті.

Белгілі болғандай, Құлсары қаласының 38 жастағы тұрғыны Мейрам Байырқошев 6 жасар ұлымен және Жаңа Қаратон ауылының 27 жастағы тұрғыны Абылайхан Жалғамаев 8 жасар ұлымен бірге «Нива» автокөлігімен «Қара-Арна» ауылдық округіне қарасты Игілік қырына қарай жылқыларын іздеуге шығады. Бірақ қайтар жолда ауа райы күрт бұзылып, боран соғып, көліктері омбы қарға батып қалады. Бағына қарай, құтқарушылардан көмек сұрап үлгереді. Хабарлама түскеннен кейін қызметкерлер дереу «ТРЕКОЛ» арнайы техникасымен шығып, Құлсары қаласынан 15 шақырым жерде айдалада қалып қойған адамдарды құтқарып қалды. Адамдар дін аман, ал «Ниваны» әзірге сол жерде қалдыруға тура келді.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суретті түсірген автор

23 ақпан 2021, 16:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.