Атырау, 20 сәуір 21:31
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Министрлік Жайыққа 16 миллиард бөледі

2 413 просмотра

Атырау облысында балық шаруашылығын дамытудың өңірлік бағдарламасы бекітілді.

Бұл - 6 тоған шаруашылығы («Восток» ЖШС, «Тілекші» ЖШС, «Каспий таңы» ЖШС, «Каспий балық» ЖШС, «Абдолов» ШҚ, «Каспий балық» Қазақ бекіре компаниясы» ЖШС), 1 тор қоршамада балық өсіру шаруашылығы («Caspian  Эко-Тур» ЖШС) және 1 тұйықталған құрылғыда балық өсіру зауытын кеңейту жолымен қуаттылығын арттыру («Сaspian Royal Fish» ЖШС) жұмыстары.

Облыстық балық шаруашылығы басқармасының мәліметінше, жобаларға тартылатын инвестиция көлемі 16 млрд 640 млн 648 мың теңгені құрайды.

- Бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде  тауарлы балық өсіру көлемі 15 мың тоннаға, балық өнімін экспорттау көлемі 25 мың тоннаға, сонымен қатар, Жайық-Каспий бассейнінде кәсіптік балық аулау көлемі 1,5 есеге арттады, яғни, жылына 25 мың тоннаны құрайтын болады, - дейді басқармадағылар.  

Олардың есептеуінше, 2021-2030 ж.ж. тауарлы балық өсіруден мемлекеттік бюджетке түсетін салық түсімі 17 млрд 288 млн 732 мың теңгеге жуық.

Бұдан бөлек, балық шаруашылығын дамытудың бағдарламасы аясында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі балық шаруашылығы субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларын кеңейту мақсатында субсидиялаудың келесі жаңа түрлерін енгізуді жоспарлап отыр. Бұл - балық өсіру биологиялық негіздемесінің құнын 50% субсидиялау; балық отырғызу материалының сатып алу құнын  50%-ға дейін субсидиялау; құнды балық түрлерінің өндіруші аналық табындарын сатып алуға және ұстауға кететін шығындарды 50% субсидиялау; барлық балық өсіру шаруашылықтары үшін дәрілік препараттарды сатып алуға арналған шығындарды 50%-ға дейін субсидиялау.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА 

22 ақпан 2021, 10:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.