Атырау, 25 сәуір 10:15
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Мерзімнен бұрын қалай зейнетке шығуға болады?

2 948 просмотра


Осы жылы өмірді сақтандыру компанияларының (ӨСК) клиенттеріне зейнетақы төлемдерін 50 жастан бастап алуға болатын, отандық заңнамаға енгізілген түзетулер күшіне енді. Кейінге қалдырылған зейнетақылық аннуитет туралы толық «Nomad Life» ӨСК» АҚ Атырау қ. филиалының директоры Нұрлан Тулеугожин айтып береді.

Қазақстандықтар әзірше оларға зейнетақы жинақтары жылжымайтын мүлік сатып алуға немесе ипотекалық несиеге жете ме, жоқ па деп есептеп жатқанда, өмірді сақтандыру компаниялары егде жаста тұрақты кірісті қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін – кейінге қалдырылған аннуитет секілді мінсіз жолын ұсынады.

50 жаста қалай қосымша кіріс алуға болады

Оның екі жолы бар. Біріншісі – 40 жастан бастап зейнетақы аннуитеті шартын жасасу. Бірақ расымен, мұны міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бар және кейінге қалдырылған аннуитет шартын жасасу үшін жеткілікті жинағы бар адамдар жасай алады. Мұндай жинақтың жеткіліктілік шегі жылжымайтын мүлік сатып алу үшін БЖЗҚ-дан қаражатты алу кезіндегідей. Екінші жолын зейнетақы жинағының жеткілікті сомасы бар қордың барлық салымшылары 45 жастан бастап қолдана алады.


«Адам өмірді сақтандыру компаниясымен шарт жасасқан кезде, оның қаражаты жеке шотта шоғырланады, оларға инвестициялық кіріс есептеледі, нәтижесінде БЖЗҚ-да ақшадан бөлек меншікті зейнетақы капиталы қалыптастырылады, - деп түсіндіреді Нұрлан Тулеугожин. Кейінге қалдырылған зейнетақы аннуитеті 50 жастан бастап және өмір бойы төлемдерді алуға мүмкіндік береді.

Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша өмір бойы ай сайынғы сақтандыру төлемінің мөлшері шарт жасасу күніне қолданыстағы ең төмен күнкөріс деңгейінен 70%-дан төмен болмауы тиіс. (2021 жылы – 24 010 тг). 


Міндетті кәсіптік зейнетақы жарнасы бар салымшы ер азаматтың 45 жаста БЖЗҚ-да 6 млн 110 мың теңге мөлшерінде жинағы болуы тиіс.

Әйелдерде жинақ бойынша жеткіліктілік шегі ерлерге қарағанда жоғары. Олар 45 жаста кейінге қалдырылған аннуитетті алу үшін БЖЗҚ-да 7 млн 647 мың теңгесі болуы тиіс. Мұндай салымшылар зейнетақы төлемдерін ерлер сияқты 55 жаста алуды бастай алады.

Салымшының жасымен кейінге қалдырылған аннуитетті сатып алу үшін, оның БЖЗҚ-да болуы тиіс сомасы да өзгереді.

Бағаның өсуін басып озу

Отандық заңнамаға сәйкес, егер БЖЗҚ-да кірістілік құнсызданудың ресми деңгейінен төмен түссе, онда айырмашылық мемлекеттік бюджеттен өтеледі. Алайда мемлекеттік зейнетақы қоры бағаның өсуін 1%-2%-ға басып озатын табысты көрсетуде. Жеке инвестициялық компаниялар жиі үлкен табысты әкелетін неғұрлым тәуекелді стратегияларды таңдауы мүмкін, алайда бұл кіріст теріс болуы мүмкін, және бұл жағдайда мемлекет адамдардың бұл шығындарын өтемейді. «Өмірді сақтандыру компаниясына ақшаны аударған кезде адам теріс кірістіліктен қорғалған. Біріншіден, біздің нарығымыздың стратегиясы мен реттеу амалдары мұндай операцияларды іс жүзінде жүзеге асыруға жол бермейді. Екіншіден, сақтандырушылар төлемді жыл сайын 5%-ға индекстеуді ұсынады. Бұл опция клиенттерді құнсызданудан тағы бір қорғайды» - дейді Нұрлан Тулеугожин.

Инвесткомпаниялардың клиенттерінің қаражаты БЖЗҚ-ға қайтарылуда

Басқарушы компаниялар клиенттердің ақшасын шектеулі мерзімге салады, адам зейнетке шыққан кезде капитал БЖЗҚ-ға қайтарылады. Дәл қор төлемдермен айналысады, бірақ отандық заңнамаға сәйкес бұл мерзім шектеулі. «Адам БЖЗҚ-дан төлемдерді 80 жасқа дейін ала алады. Ары қарай мемлекеттен шамалы жәрдемақы қалады. Сақтандыру компаниясымен шартты 100 жасқа жеткенге дейін жасасуға болады. Адамның жасы ұлғайған сайын соғұрлым ол медициналық қажеттіліктерге көп қаражат жұмсайтынымен келісесіз бе? Әрине, мұндай шығыстарды мемлекеттік зейнетақымен өтеу мүмкін емес, және бұл жерде кейінге қалдырылған аннуитет көмекке келе алады», - дейді «Nomad Life» ӨСК» АҚ филиалының директоры.

Зейнетақы аннуитетінің тағы бір артықшылығы – қаражатты мұралану. Сақтандырушылармен шарттар мұрагерлер кепілдендірілген мерзім аяқталғанға дейін сақтандыру төлемдерін алатынын көздейді.

Лайфхак

Жеткіліктілік шегінен асатын қаражатты бірден бірнеше бағытқа жіберуге болатынын көбі біле бермейді. Мысалы, ипотеканы жабуға және сақтандыру компаниясымен шарт жасауға болады. «Мысалы, адам 45 жасқа толды және оның БЖЗҚ-да шотында 10 млн теңге бар. Алты миллионды ол Nomad Life-қа аударады, ал қалғанын тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін қолданады. Осылайша адам «екі қоянды өлтіреді» - тұрғын үй жағдайын жақсартады және қосымша кіріс құрайды», - деп қорытындылады өз сөзін Нұрлан Тулеугожин.

Бұл ретте зейнетақы аннуитеті шарты бойынша төлемді сақтандырушылардың клиенті 55 жастан (әйелдер 52-ден) бастап-ақ және өмір бойы алуды бастайды.

Толық ақпаратты Сіз: 8 (7122) 55 80 45, 8 701 811 0804 телефондар бойынша ала аласыз. Біздің мекенжайымыз: Атырау қ., Кұлманов к-сі, 113, 3 қабат, 1 кеңсе.

КР Қаржы нарығын және қаржы үйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі 2019 жылғы 21 қантар №2.2.47 лицензисы

22 ақпан 2021, 09:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.

Комментарий беру ажыратылған