Атырау, 28 наурыз 15:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

«Атырау жылу электр орталығына» тұрғынның шағымы бойынша 4,6 млн теңге айыппұл салынуы мүмкін

4 562 просмотра

Атырау тұрғынының шағымы бойынша «Атырау жылу электр орталығы» АҚ-на қатысты әкімшілік іс қозғалды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің баспасөз қызметі.

«Атырау қаласындағы Авангард 3 ықшам ауданының №6 үй тұрғынының өтініші негізінде, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті «Атырау жылу электр орталығы» АҚ-на қатысты Қазақстан Республикасының Табиғи монополиялар саласындағы заңнама талаптарының сақталуына жоспардан тыс тексеру жүргізді.

Тексеру барысында «Атырау жылу электр орталығы» АҚ-ы 2009 жылдан бері жоғарыда көрсетілген үйдің тұрғынымен жылу энергиясын жабдықтау қызметіне ҚР Ұлттық экономика министрінің 24 маусымдағы 2019 жылғы №58 бұйрығымен бекітілген үлгілік шартқа сәйкес келісім-шарт жасамағаны анықталды.

Жоспардан тыс тексеру қорытындысы бойынша, Департамент «Атырау жылу электр орталығы» АҚ-на қатысты әкімшілік іс қозғап, Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 164-бабының 4-бөлігіне сәйкес хаттама толтырылды", - дейді баспасөз қызметі.

Департаментке «Атырау жылу электр орталығы» АҚ-нан  Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 683-бабының 4-бөлігіне сәйкес, қозғалған әкімшілік істі сот тәртібімен қарау үшін сотқа жолдау туралы өтініш келіп түскендігін атап өту қажет.

Департамент материалдарды Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолдады.

"Сот шешімі Департаменттің пайдасына шығарылған жағдайда, «Атырау жылу электр орталығы» АҚ-на 1 600 айлық есептік көрсеткіш, атап айтқанда 4 667 200 теңге көлемінде айыппұл салынады», - делінген хабарладамада.

19 ақпан 2021, 10:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.